Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің тіл дамыту, балалар әдебиеті мен мәнерлеп оқу сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын.Жалпы студенттерді театр мәдениетіне баулу. Театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ және тағы басқа) түрлерін меңгеру.
Осы себеппен мен төртінші жыл түрлі театр қуыршақтар үйірмесін жүргізіп келемін.Үйірмеге қазіргі таңда 16 студент Т-11,Т-21,Т- 31 топтары қатысып жүр. Бүгін яғни 12.02.2020ж .біз студенттермен №13 бөбекжай балабақшасына барып «Сыпайы қасқыр» атты шағын спектакль қойып келдік.Барлық қатысқан - 8 студент өте жақсы көңіл күймен ойнап шықты.Әсіресе жаңа бастап жатқан Т-11 топ студенттеріне алғысым шексіз.Студенттердің әр ертегінің мазмұнын мәнерлеп айту, ойнау,нақышына келтіріп сөйлеу, ол өзіміздің кәсіби мамандығымызға өте қажет.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
кафедрасының театр қуыршақтары үйірмесінің жетекшісі: Рахпанова Б.Г.