КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Среда, 30 сентября 2020 16:52

Ақылды қария-ағып жатқан дария

Оцените материал
(10 голосов)

 «Қариясы бар елдің дариясы бар» демекші, қарттардың ақыл-парасаттылығына кейінгі ұрпақ – біз әрдайым мұқтажбыз. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса,

қариялардың да білетіні соңдай терең. Соғыс жылдарында ата-бабаларымыз сонау ел-басына қиын-қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран заманда халқының тыныш өмір сүруі үшін қасық қаны қалғанша ел қорғаған. Алапыт соғыстан аман оралып, халқының тілеуін тілеп жүрген ардагерлер күн санап азаюда.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі  мереке өз деңгейінде аталып өтілмек. Дәстүрлі жиындардан бөлек еліміздегі Ардагерлер ұйымы  1  қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясына шақыратын үндеу жариялап отыр.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Біздің атаәжелеріміз қашанда бізге ақыл-ой, ғибратты сөздер айтып бізге өмірдің оң-солын ажыратуға үлкен үлес қосты.Бізге тіпті кішкентай кезімізде ертегі, аңыз, халқымыздың өнегелі сөздерін түсіндіріп, үйретті.

 Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат», деп жауға шапқан батырларымыз қаншама. Сол ата-әжелерімізді, аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз, ерліктеріне сүйсіне қараймыз.Ол кісілердің басынан өткендерді естісек, осындай бейбіт күнде дүниеге келгенімізге  шүкір етеміз.

Біз өткен тарихымыз жайлы көп қызықты мағлұматтарды, аңыздар мен өсиеттерді өзіміздің ата-бабаларымыз, яғни үйдегі жанашыр қарияларымыз дән естіп ,көп нәрсені бойымызға сіңіріп алдық.Тіпті кей ұмытылып кеткен салт-дәстүрлерді қайта келер ұрпаққа нақыштап, оларды үйретіп жатады.Бала кезімізде бәріміз ата-әжеміздің қызық ертегілерін естімей,ұйықтай алмайтын едік.

 Біз жастар қарияларымызды аялап,оларға барынша қамқорлық көрсетіп, көмектесуге қашанда дайынбыз. Колледжда болсын, ардагерлерді құттықтап, әр мереке сайын азда болса,  кішігірім сыйымызбен, жылы лебізімізді білдіруді жөн көреміз.Оқу орынынан тыс, кез-келген жерде, ауылымыздағы қариялардың үйіне барып көмек беріп тұрамыз.

 Ардагерлерге үй шаруасымен,сыртта дала жұмыстарымен де қол ұшын созуға дайынбыз.Қарттарымыздың ауласын сыпыру немесе ауыр жүкпен көмектесу бізге мүлде қиын емес, себебі егер қарттарымыздың асыл, жанашыр үлкендері із болмаса, бізге де бәрін түсініп, білу қиындық туғызатын еді.

 Сөз соңында барлық жастарды үлкен кісілерді сыйлап,құрметтеп, әрқашан қол ұшын созып жүруге шақырамыз.

 Онымен қоса, Т-21 тобы өзімізге белгіленген  Артюшина  Любовь Ивановна мен Береснева Любовь Николаевнаға ерекше алғыс білдіре отырып,тек қана табыс пен зор денсаулық тілейміз!

Т-21 тобының  студенттері

 

Прочитано 4868 раз

3 комментарии

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео