КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 7 свободных мест. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Ноябрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Понедельник, 29 ноября 2021 15:59

Білім бастауы -балабақшада.

Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты кәрілік,

                                       қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз,

                                                           біздің көз жасымыз. А.С.Макаренко

      Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік ,сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін, ойынның ролі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті - рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да, салалармен байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең әуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет.

      29 қараша күні Т-41 тобында педагогика және өзін-өзі тану пәндері бойынша ашық итеграцияланған сабақ өтті.Қазіргі білім алушылар болашақ тәрбиешілер.Балалар ойынының маңыздылығы және құндылығы жөнінде ашық сабақта ашылды. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін, өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет.Өткізілген ашық сабақ кезінде тәрбиешінің баланың көмекшісі,ақылшысы,кеңесшісі, досы ғана емес тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Ашық сабақ барысында студенттер тапсырмалар орындап,өз ойларымен бөлісті. Сабақ барысында қозғалған ойын тақырыбындағы елеулі ойлар студенттердің білімінің тың ойлармен толысып, өз тұжырымдарын жасауға итермелейді деп,ойлаймын.

                                                                                     Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының

                                                                                      оқытушысы: Абжанова А.К.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео