КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Понедельник, 13 декабря 2021 14:20

«Білім саласына үлестерін қосқан ұстаздарды еске алу»

Оцените материал
(3 голосов)

Мұғалім ардақты ұмытылмас,

Өзіме бала күннен үні сырлас.

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,

Арманның асқарына ұмтылған жас!

                                                            Н.Әлімқұлов

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Себебі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді, үлкен төзім иелері. «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Қазіргі қай мамандық иесі болмасын, қай жетістікке жеткен адам болмасын бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, өткен заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  ұлы мамандық иесі – Ұстазды еске алу, құрмет көрсету мақсатында, Қостанай педагогикалық колледжінің скаут ұжымы Қостанай өңіріндегі ұстаздардың ескерткіш тақталарына саяхат жасады. Скаут ұжымының жетекшісі Шагатаева Зауреш Жараспаевна ауа-райының суығына қарамастан, бұл саяхатты есте қаларлықтай ұйымдастырды. Болашақ бастауыш білім беру және ағылшын тілінің мұғалімдері ретінде біз үшін бұл саяхат өте ерекше болды. Әр студент ұлы ұстаздардың өмірімен танысып, ескерткіш тақталарды зерттеді. Олардың ішінде: Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жантөрин Ғалихан Жантөринұлы, Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы, Қасымов Ғыждуан, Жиентаев Нұрқан Мұхамедқалиұлы, Шек Генрих Генрихович. Бұл тұлғалар білім саласында, ұстаздық жолдарында көп еңбек етіп, білім беруде бар күш-жігерлерін салған, өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар. Зиялылардың өмірімен танысу арқылы, біз мамандығымызды дұрыс таңдағанымызға көзіміз жетті. Осы өткен саяхат барысында скаут ұжымы тек ұстаздарды, олардың өмірлері, жетістіктерімен танысып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстана отырып, «Скандинавиялық серуендеу» спорттық түрін скандинавиялық таяқшалар арқылы жүзеге асырды. Біз, скаут ұжымы Ұстаздарымызды еске ала отырып, спорттың белсенді түрін де жүзеге асырып қоғамдағы адамдарға жақсы істерді дәріптей  алдық деп сенеміз!

Скаут ұжымының қатысушысы Дархан Сатубалдиновтың пікірінше  «Ұлы ұстаздары оқып-үйрену өте маңызды, себебі тарих жеке азаматтың өмірін саналы етеді. Егер адам өз елінің өткенін, ұлы адамдардың өмірі жайлы білмесе еліміздің жарқын болашағын дамыта алмайды. Біздің болашақ мамандығымыз - ұстаздар, сондықтан біз өзіміздің  ізашарларымыздың өмірбаяндарын, жетістіктерін, шығармаларын білуіміз өте маңызды. Өйткені біз олардың жолың, қызметін жалғастырушылармыз және олар берген «эстафетаны» өзімізге қабыл алып болашақ бізден кейінгі ұрпаққа жеткізушілерміз!»

Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. Біз ұрпақтар білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарды құрметпен еске аламыз!  

Қостанай педагогикалық колледжінің

М-21 тобының студенттері, скаут ұжымының мүшелері:

Жұмабек Жаңылдық, Тажиева Асем

Прочитано 1368 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео