КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 7 свободных мест. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Ноябрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Среда, 16 марта 2022 17:37

Жағымды дағдыларды дамыту қазіргі замануи талаптардың негізі

   Қостанай қаласында 15.03.2022 ж.  №17 Жалпы орта мектеп гимназиясында  республикалық әдістемелік семинары өтті. Семинарға Қостанай облысының білім ұйымының 82 қызметкері болды.Семинарға адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтынының және

әдістемелік қамтамасыз ету департаменті мен Қостанай білім  беру басқармасының қызметкерлері мен әдіскерлері,пән –педагогтары , психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.
   Семинарды модераторлар : Үйлесімді даму ұлттық институтының АҮДҰИ аға қызметкерлері Касимова С.Б және Абдраимова Р.А. жүргізді.
   Семинарда сөз сөйлеген: « Н.Күлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Алматова С.А. «ХХІ ғасырдағы білім беру кеңістігіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлі» атты тақырыбы арқылы өзінің колледжісінде жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы тәжірибе алмасты. Келесі Қарабалық ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта метептің директоры: «Бірыңғай рухани - адамгершілік ортаны қалыптастыру бойынша мектептің қызметі» атты тақырыбымен жалпы мектептегі жүргізілген жұмыстары және бейнетаспалар көрсету арқылы дәлелдеді.Сонымен бірге осы мектептептің директордың оқу жөніндегі орынбасары Микибаева А.К.сөз алып: «Адамгершілік - рухани білімнің интеграциясы мектептің білім беру қызметінде өзін-өзі тану» тақырыбымен жалпы мектеп оқушылары мен ата –аналар арасында жасалынған жұмыс түрлерімен бөлісті. Рудный қаласындағы №8 бөбекжай балабақшасының әдіскері Демина Т.П. өзінің «Жобалық қызмет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік дамуы» тақырымен балабақшада атқарылып жатқан іс- әрекеттерін жобалап берді. Семинар жұмысын ары қарай  топтарға бөліп жүргізді:
1 топ: аға оқытушы НДО :  Ядрова Н.В.тақырыбы: «Тәрбие жүйесі тұлғаның үйлесімді адамгершілік-рухани дамуының негізі ретінде»
2 топ: аға оқытушы НДО: Нурмагамбетова Г.А.тақырыбы: Нурмагамбетова Г.А. «Тәрбие жүйесі тұлғаның үйлесімді адамгершілік-рухани дамуының негізі ретінде»
3 топ: Үйлесімді даму ұлттық институтының АҮДҰИ аға қызметкері: Касимова С.Б (орыс тілінде)тақырыбы: «Как развивать мягкие навыки»
4топ : Үйлесімді даму ұлттық институтының АҮДҰИ аға қызметкері: Абдраимова Р.А. (қазақ тілінде) тақырыбы: «Жағымды дағдыларды қалай дамыту керек»
   Мен өзім екінші топта болдым.Галия Алимбаева бізбен Жеке тұлғаға тәнқасиеттеріне тоқталып,қазіргі кездегі білім ұйымдарындағы балалармен жағымды дағдыларды дамыту үшін ең бірінші әр педагогқа – сүйіспеншілік және махаббат,шыдамдылық қажет екені жөнінде тоқталып кетті.Топпен әр жеке тұлғаның қасиеттерін орта мен қоғамдағы құндылықтарын кластерлер мен ой толғау әдістерімен қорғап, өз тәжірибелерімізбен бөлістік.Семинарда әр мекеменің педаготарының тәжірибелерін тыңдай отырып, өзіміз жағымды әрекеттерімізбен бөлісіп,жағымдылық дағдылардың студенттермен жұмыс жасау қаншалықты өзекті екеніне көзім жетті.

Өзін –өзі тану оқытушысы: Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео