Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігі бірқатар жұмыс жүргізіп, педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларын әзірледі. Алдымен "Пәндік білім" блогы бойынша тест тапсырмаларының саны 30 тест тапсырмасына дейін, "Оқыту әдістемесі" блогы 20 тест тапсырмасына дейін қысқартылды. Педагогтердің білімін бағалаудан өту үшін шекті балл төмендетілудің өзі ұстаздарға жасалған жеңілдік. Отыз жылдан астам педагогикалық өтілі бар және жаңа аттестаттау жүйесі бойынша санаты бар педагогтер біліктілік санатын растаған жағдайда біліктілік тестілеуден босатылады. Олар портфолио тапсырады. Ал, егер олар өз біліктілік санатын жоғарлатқысы келсе, онда аттестаттауды жалпы негізде өтеді.
Жақсы жаңалықтың бірі зейнеткерлікке шығуына 4 жыл қалған педагогтер жаңа жүйе бойынша бар санатын растайтын болса, аттестаттаудан босатылады. Арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін ЖОО түлектеріне "педагог-модератор" санаты бірден беріледі. "Өзінің білімін жетілдірмеген ұстаз- ағынсыз сумен тең" - дейді халық даналығы. Өз білімін жыл сайын жетілдіріп отырған ұстаздың шәкірттері биік жетістікке жетері анық. Сондықтан алдағы аттестацияда ұстаздарымыздың шын еңбегін бағаланады деп сенемін
Ахат Қ.З, директордың оқу
жұмыстары жөніндегі орынбасары