КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Сентябрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Среда, 27 февраля 2019 16:28

«Ашық есік күні»

Оцените материал
(2 голосов)

2019 жылдың 26 ақпан күні М-11 тобының студенттері «Қостанай облыстық көзі көрмейтін жіне нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға барды.

Ашық есік күндері әлеуметтік-мәдени инклюзивті бағдарға ие. Кез-келген адам зағип және көзі нашар оқитындардың жетістіктері мен проблемалары бар арнайы кітапхананың қызметтер кешенімен таныса алады. Кездесу барысында I курс студенттері кітапхананың құрылу тарихымен, жұмыстың түрлерімен және оқырмандарға қызмет көрсету жолдарымен танысты. Қонақтарға зағип жандардың күнделікті өмірінде қажетті тифлотехникамен және тифлоқұралдармен танысу мүмкіндігі берілді, сонымен қатар кітапхананың қоры мен кітапханалық-ақпараттық қызметтің бағыты туралы біршама толық ақпарат алды.

Студенттер Брайль қарпімен жазу жазатын техникаға шынайы қызығушылық танытты, олар Брайль принтерінде басып шығарылған мәтінді өз беттерінше оқып көруге мүмкіндік алды. Тифлокешеннен басқа оларға кітапқұмар , даналық әліппесі және жанатын тақта көрсетілді. Көзі көрмейтіндердің жаза және оқи алуы үшін қыруар күш-жігер жұмсаған жандар – В.Гаюи, Л.Брайль, А.Адлер және А.Қасымов туралы әңгіме тыңдады. Кітапханашылар жұмыстарының оқырмандарға әдебиет берумен шектеліп қалмайтынын, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілетінін атап өтті. Кітапхана мамандары сондай-ақ зағип жандармен қарым-қатынас жасау мәдениеті туралы да айтып беріп, күнделікті кездесіп жататын оқиғалардан, жұмыс тәжірибелерінен мысалдар келтірді.

Осылайша, Ашық есік күні кітапхананың келушілерін өз мүмкіндіктерімен таныстыруға мүмкіндік берді. Бұл шара біздің студенттер үшін пайдалы және қызықты өтті.

Балаканова А.Е.,

ЖГП пәндер кафедрасының оқытушысы

Прочитано 2519 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео