КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Балалардың құқықтары туралы қарапайым сөздермен

Құрметті студенттер, сіз балалардың құқығы бар екенін естідіңіз бе? Баланың құқықтары-бұл сіздің жеке құқықтарыңыз. Сіздің қайда тұратыныңызға, қанша жаста екеніңізге, қалай көрінетініңізге және қандай дінді ұстанатыныңызға   қарамастан, барлығыңыздың құқықтарыңыз бар. Сіз үшін құқықтарыңызды білу маңызды!  Өйткені, егер күнделікті өмірде біреу осы құқықтарды бұатын болса, сіз оны байқай аласыз.

Дегенмен де ересектер үшін де баланың құқықтары туралы білу маңызды. Келешекте  сіздер бәріңіз де мұғалімдер қатарында  боласыдар және балалар мен жасөспірімдердің өміріне әсер ететін шешімдер қабылдаған кезде, баланың құқықтарын әрдайым есте ұстағандарыңыз абзал.

Бала құқықтары туралы Конвенция дегеніміз не? Балалардың құқықтары бар! Мысалы, балалар осынау әлемде өмір сүруге, жақсы қамтамасыз етілуге, мектепке баруға және жеке құпияға ие болуға құқылы. Бірақ бұл құқықтар әрдайым сақтала бермейді.

Болашақта бүкіл әлемдегі барлық балалардың құқықтары мүмкіндігінше сақталуы үшін, әлемнің барлық мемлекеттерінің саясаткерлері мен сарапшылары Бала құқықтары туралы келісімге қол қойды. Бұл 1989 жылы 20 қарашада болған еді.  Бұл келісім "Бала құқықтары туралы Конвенция" деп аталады.

Бала құқықтары туралы Конвенция қалай пайда болды? 1979 жыл бүкіл әлем бойынша "Бала жылы" деп жарияланды. Сондықтан Польша үкіметі осы жылы   Біріккен Ұлттар Ұйымында Бала құқықтары туралы Конвенция әзірлеуді ұсынды.

Біріккен Ұлттар ұйымы  (БҰҰ) – бұл әлемнің барлық дерлік елдерін қамтитын ұйым. Оның қызметі әлемді қорғауға және кедейлікпен күресуге бағытталған. Біріккен Ұлттар ұйымында көптеген түрлі мемлекеттер бар. Олардың балалар үшін қандай құқықтар ерекше маңызды екендігі туралы әртүрлі идеялары бар. Бұл елдер бір ғана мәселе бойынша ортақ пікірге келді: балалар арнайы негізгі құқықтарға ие болуы тиіс. Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымында Бала құқықтары туралы келіссөздер он жылға созылды! 1989 жылы келісім ақыры дайын болды.

Бала құқықтары туралы конвенцияның күші неде? Бала құқықтары туралы Конвенция қандай да бір мемлекетте күшіне енуі үшін, оны алдымен осы мемлекетте жауапты адамдар мақұлдауы тиіс. Бүгінгі таңда 193 мемлекет Бала құқықтары туралы Конвенцияны мақұлдады. Яғни, бұл Сомали, Оңтүстік Судан және АҚШ-тан басқа әлемнің барлық елдері.

Бала құқықтары туралы Конвенция екі миллиардқа жуық қыздар мен ұлдарға қолданылады! Конвенцияға қол қойған 193 мемлекетте дәл осы балалар тұрады.

Бала құқықтары туралы Конвенция кімге қолданылады? Бала құқықтары туралы Конвенцияны қорғау үшін,  адам қай жаста бала болып саналады. Бұл баланың құқықтары туралы Конвенцияда анықталады (1-бап). Онда 18 жасқа дейінгі барлық адамдар әдетте балалар болып саналады. Алайда, егер қандай да бір ел ондағы адамдар ертерек ересек деп саналатынын анықтаса, ерекше жағдайлар болады. Әрбір мемлекет онда тұратын азаматтардың қай жаста бала екенін анықтайды.

Әлемнің барлық дерлік мемлекеттері Бала құқықтары туралы Конвенцияға қол қойғанымен (ескерту: 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялады), оны ешкім де сақтауға мәжбүрлей алмайды. Бірақ мұндай Конвенцияның бар екендігі жақсы: бала құқықтары туралы Конвенция балалардың құқықтарын сақтауды жақтайды. Бұл туралы балалар мен ересектер неғұрлым көп білсе, соғұрлым көп мемлекеттер осы Конвенцияны ұстанатын болады. Біздің планетамыздағы балалар үшін өмір сүру жақсы болады.

Баланың ең маңызды 10 құқығы

1. Теңдік: ешбір балаға қысым жасалмауы керек.

2. Денсаулық: балалар салауатты өмір салтын ұстануы, қорғалуы керек және мұқтаждық көрмеуі тиіс.

3. Білімі: балалар оқуға және олардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алуға қабілетті болуы қажет.

4. Ақпарат, өз пікірін білдіру бостандығы және қатысу: балалар өз пікірлерін айту үшін, қажетті барлық ақпаратты алуға құқылы болуы керек. Балалар өздеріне қатысты барлық мәселелерді шешуге қатысуға және не ойлайтындарын айтуға құқылы болуы керек.

5. Бос уақыт, ойын және демалыс: балалардың бос уақыты болуы және ойнауға, демалуға мүмкіндігі болуы керек.

6. Ата-ана қамқорлығы: әр бала, егер олар бірге тұрмаса да, ата-аналарымен бірге өсуге құқылы. Егер бұл мүмкін болмаса, айталық, асырап алушы ата-ана балаға қамқорлық жасауы керек.

7. Зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеу: балалар зорлық-зомбылықсыз өсуге және тәрбиеленуге құқылы.

8. Соғыс кезіндегі қорғаныс және босқындарды қорғау: ба  лалар соғыс кезінде және босқындар ретінде ерекше қорғауды пайдалануы тиіс.

9. Экономикалық және жыныстық қысымнан қорғау: балалар зорлық-зомбылықтан, қорлаудан, жыныстық және экономикалық қанаудан қорғалуға құқылы. 

10. Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерекше қорғау және қолдау: мүмкіндігі шектеулі балалар өмірге белсенді қатысуы үшін, ерекше қамқорлық пен қолдауға ие болуы керек.

Планетаның одан әрі тағдыры балалардың қолында. Әрбір ересек адам мұны түсініп, осы болашақты қорғауы керек.  Сонда ғана әрбір бала заманауи әлемде өзін жайлы сезініп, оған бейімделмей, лайықты өмір сүре алады!

Орынд.:Г.А. Попова .

Тел.: 87054033294

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео