Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 15 ақпанның 2019 14:16

Қазақстандағы Жастар жылы

Written by
Rate this item
(0 votes)

2019 жылғы 23 қаңтарда Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері  «Хабар» телеарнасынан жүргізілген тікелей эфирден Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың жастар қозғалыстары көшбасшыларымен кездесуін  қарады.

Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.

Ашылу салтанатында  выступили в качестве спикерлер ретінде  түрлі салада жетістіктерге қол жеткізген жастардың белсенді де креативті өкілдері сөз алды.  Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев  елімізде атауы шартты түрде "ҚР маркетинг министрлігі" деп аталатын жоба құруды ұсынды, оның миссиясы   Қазақстанның әлемдік  аренадағы ребрендингінде болмақ.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жангыру жолы" жастар қозғалысы  биылғы көктемде  Астанада алма бағын отырғызу бастамасын көтерді.

Назарбаев Университет  инженерия мектебінің докторанты  Дамира Пернебаева Нұрсұлтан Назарбаевқа жас ғалымдардың ең маңызды, озық делінетін 100 зерттеуіне арнайы гранттар жариялауына өтініш білдірді.

Жастармен жүздесу барысында Ұлт Көшбасшысының сөйлеген сөзін біздің колледж студенттері зор ықыласпен қабылдады. Жастар ісі жөніндегі комитет жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, студенттер ұжымында шығармашылық, өзара көмек ахуалын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыра бермек.

Мемлекетіміз ел болашағының кепілі ретінде жастардың дамуына үлен көңіл бөлуде. Олардың болашағына үлкен үміт арта отырып, жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда.

- Бүгінгі таңда Қазақстан жастары азаматтық қоғамның толыққанды, бастамашыл және жауапты субъектісіне айналды. Жастар үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері өмірлік жолында жаңа мүмкіндіктерге ие болуда,-деп атап өтті Ұлт Көшбасшысы

 С.М.Морозенко,

директордың тәрбие жұмысы жөн.орынбасары

Additional Info

  • Видео: lr2smRzIdq8
Read 18983 times Last modified on Сәрсенбі, 20 ақпанның 2019 10:48

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео